Ақтөбе облысының үздік жас ғалымы – 2017

Құрметті жас ғалымдар! Ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы «Ақтөбе облысының үздік жас ғалымы – 2017» басталды!

Байқау мақсаты жас ғалымдар мен ізденушілердің мәселелерді шешудің жаңа жолдарын іздеу, сонымен қатар инновациялық жобаларды ұйымдастыру мен қаржылық қолдау жолдары арқылы жастардың ғылыми-техникалық және инновациялық іс-шараларға қатысуын ынталандыру. «Жас ғалымдар кеңесі» жұмыстарын қолдау.

Байқау міндеттері:

– ғылыми-зерттеу іс-шаралары аумағында дарынды жастарды анықтау мен қолдау көрсету;
– жоғары академиялық білімі бар жастар ортасын қалыптастыру;
– жас ғалымдар мен зерттеушілер арасында ғылыми-инновациялық іс-әрекетті дамыту;
– жастардың Ақтөбе облысы тұрғындарының әлеуметтік мәселелері бойынша білім деңгейі мен ғылыми-зерттеу дағдыларын жоғарылату, билік институттарымен өзара қарым-қатынасты жақсарту;
– ғылыми және әлеуметтік мәселелер арасындағы корреляциялық байланысты талдау, құру және мониторинг жүргізу.

Өтініштер grants@smu.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Өтінішті қабылдаудың соңғы күні: 20 мамыр, 2017 жыл
Байқауға қатысуға өтініштер электрондық нұсқада «Ақтөбе облысының үздік жас ғалымы – 2017» ғылыми-зерттеу жобасы байқауының комиссиясына» деп аты-жөні көрсетіліп тапсырылуы тиіс. Байқауға қатысу туралы өтініш үлгісі осы Ереженің 1-Қосымшасына сәйкес рәсімделеді;
Байланыс поштасы grants@smu.kz.
Байқауға қатысу ақысыз түрде жүргізіледі.
Қатысушы байқауға өз атынан бір ғана өтініш ұсына алады.
Байқауға қатысу туралы өтініштер қабылдау мерзімі өткеннен кейін қабылданбайды.
Байқау барысында келесідей бағыттағы ғылыми-зерттеу жобаларына басымдылық беріледі:

– Жаратылыстану және техникалық ғылымдар;
– Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар;
– Экономикалық ғылымдар және бизнес.

Сайыс ережелерімен осы сілтеме арқылы таныса аласыз.


Комментарии закрыты